Бүгін З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернатында 1 маусым Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай “Балдәурен” жазғы лагерінің ашылу салтанаты өтті.
Мектеп директоры Хабдрахим Бисенғалиев 147 баланың 20-сы мектеп жанынан ұйымдастырылған лагерьмен қамтамасыз етіліп отырғанын тілге тиек етіп, оқу жылының жетістіктерін саралады. Аудандық білім бөлімінің басшысы Еділ Баяров ізгі тілегін білдіріп, аудандық оқушылар үйінің директоры баларға сыйлықтар таратты.
Облыстық мәслихат депутаты, отбасын қолдау орталығының бөлім басшысы Зәмзагүл Карсакова балаларға “Мазмұндама” баспасынан шыққан “Хиуаз Доспанова кім?” кітабын ұсынып, шара отбасын қолдау орталығының ұйымдастырған “Бақытты бала - жарқын болашақ” тренингімен жалғасын тапты. Бағдарламаға сай қызықты жаттығулар өтті.
Соңында орталықтың атынан балмұздақ таратылды.