Халық сенімін ақтауға жұмыстанамыз

(0 Votes)

«Қарапайым халықтың мүддесі үнемі елене бермейді, кейде, тіпті әділетсіздік мемлекеттік аппарат өкілдері тарапынан да жасалып жатады. Азаматтардың мемлекеттік мекемелерге сенімсіздігі осыдан туындайды. Сондықтан «Amanat» партиясының алдында осы олқылықтардың орнын толтыру міндеті тұр», деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партияның азаматтық қоғам мен билік арасындағы дәнекерге айналып, халықпен етене жұмыс істейтін ұйым болуы қажеттігін атап көрсеткен болатын.

Партияның аудандық филиалының отырыстарында ауданымыз бойынша жасалып жатқан жұмыстардың, сайлауалды бағдарламалардың, тұрғындар көтерген мәселелердің орындалу барысы тыңдалып жатады. Қиын жағдайда қалған адамдар партияның қабылдауына келеді. Осыдан-ақ халықтың ұйымға сенім артатыны көрініп тұр. Бүгін біз  «Amanat» партиясы Құрманғазы аудандық филиалының төрағасы Ерлан Хисметуллинмен сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.

– Ерлан Уәлитханұлы жастардың біле жүргені артықтық етпес, алдымен партияның негізгі міндеттері туралы қысқаша айтып өтсеңіз? Қазіргі таңда қандай жұмыстар атқарылуда? Аудандық филиалдың қанша мүшесі бар?

– «Amanat» мемлекет мүддесі үшін тарихи жауапкершілікті алған партия. Тамыры терең төл тарихымыз, мәдениетіміз бен әдебиетіміз, тіліміз бен салт-дәстүріміз – Тәуелсіз Қазақстанның барша азаматтарының мұрасы. Осы мұраны біртұтас елдің ортақ мүддесі үшін аманат ретінде көздің қарашығындай сақтап, дамуына жағдай жасау – партияның басты міндеттерінің бірі. Халық үніне құлақ асатын партия болғандықтан сайлау кезінде азаматтардың талап-тілегі мен партияға тапсырған аманаттарының орындалуын назарда ұстаймыз. Олар сайлауалды бағдарламаға енгізілді. Партия сайлаушылардың аманатын орындау арқылы елге қызмет көрсетеді. Барлық аймақтардағы қабылдау бөлмелері мен қоғамдық кеңестері арқылы халықтың мұң-мұқтажына құлақ түріп, билік органдарына жеткізіп, оң шешім қабылдануына ықпал етеді. Қоғамдағы әлеуметтік әділдікті жақтап, барша азаматтарға тең мүмкіндік беруді қалаймыз. Сол арқылы біз бір-біріне қолдау білдіретін, мықтылары әлсіздерге жәрдем беретін, әлеуметтік жағдайы төмен топтардың мүддесін қорғайтын қоғам құруға ұмтыламыз. Отбасы құндылықтарын, қоғамдық бірлікті насихаттаймыз.

            2025 жылдың 29 мамыр айындағы дерек бойынша партияның аудандық филиалына қарасты 19 бастауыш ұйымының құрамында 2254 партия мүшесі бар. Филиал  және бастауыш партия ұйымдармен 113 іс-шара ұйымдастырылып, 4 материал бұқаралық ақпарат құралдарында және «Facebook» парақшасында, жалпы барлығы 159 материал әлеуметтік желілерде жарияланды.

– Ол іс-шараларға қаражат қайдан бөлінеді?

– Іс-шаралар демеушілер қолдауымен және трансферт қаражаты есебінен жүргізілуде. Трансферт қаржысының жоспары 1 тоқсанда 400870,2 теңге болса, игерілгені 349500 теңге. 2025 жылдың 5 айының жарна жоспары 3 млн 125000 теңге, 29 мамырға 2 млн 917700,35 теңге (93,4%) болды, айдың соңына дейін орындалады деп күтілуде. Ғимаратты жалға беру бойынша 5 айға жоспар 408,550 теңге, түсім 498,675 теңгені құрап, 122,0 %-ға орындалды. Партияға қабылдау жоспары осы жылдың 5 айына 30 адам болса, 100,0% орындалып отыр.  – Аудан тұрғындары тарапынан туындаған мәселелер қалай шешілуде?

– Халықпен кері байланыс орнату бойынша қоғамдық қабылдау бөлмелеріне барлығы 135 өтініш тіркелген. Оның ішінен 51-не оң шешім қабылданып, 84 мәселе бойынша түсініктер, кеңестер берілді. 25 қабылдаулар өткізіліп, оған 90 азамат түрлі мәселелермен қатысты. Ауданымыз бойынша 5 мобильді қабылдаулар өтіп, оларда 45 өтініш тіркеліп, оның 18-і қанағаттандырылып, 27-не кеңес беріліп отыр. Биыл 2025 жылы мобильді қабылдаулармен ауданнның барлық елді мекендері қамтылады деп жоспарлануда. Тұрғындардан  түскен 178 ұсыныстардың  бүгінге орындалғаны 70 (39,0%), орындалу үстіндегісі - 7 (4,9%), түсінік берілгені – 101 (56,1%). Бізге сенім артып келгеннен кейін тұрғындардың мәселесін заңдылықтарға сай қолдан келгенше  шешуге  жұмыстану біздің азаматтық парызымыз.

Партиялық бақылау комиссиясының 2 отырысы өтіп, 3 мәселе қаралып, 3 ұсыныстар көтерілді 2-сі орындалды. Партиялық бақылау бекеттері орнатылған 4 нысанға апта сайын мониторинг жұмыстары жүргізіліп әлеуметтік желіге 19 ақпарат жарияланды. Жол картасы бойынша 40 іс-шараның 2-сі жүзеге асса, 38-і орындалу үстінде. Есепті кезеңде аудандық фракцияның 2 отырысы өткізілді. Оларда 4 мәселе қаралып, 6 ұсыныс беріліп 4 орындалды. Депутаттармен мемлекеттік органдарға 7 сауал ұсынылған, мұның 2-сі оң шешімін тапса, 5-і қаралуда.

– «Amanat» партиясы аудандық филиалы тарапынан қандай жобалар жүзеге асқанына жалпылама тоқталсаңыз?

– «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы бойынша 12 шара ұйымдастырылып 40 адам тартылды. Қолдауды, көмекті қажет ететін үлкендеріміз назардан тыс қалған жоқ. «Бақытты отбасы» жобасы аясында 6 шараға - 9, «Кедергісіз келешектің» 5 шарасына - 50,«Ұлттық мұра» жобасы аясында 11 шара өткізіліп - 115 адам қамтылды. «Таза Қазақстан» жобасы бойынша 8 акция өткізіліп оған 684 адам қатысты.  Барлық жобалар бойынша  42 шара өтіп оған тартылғандар саны 989 адамды құрады. «Жер аманаты» жобасы бойынша ағымдағы жылдың 5 айында жоспарланған 240.00 гектар жер учаскелерінің 240,00 гектары мемлекеттік жер қорына қайтарылып, жоспар 100%-ға орындалды. 2025 жылдың 5 айында  «Ауыл аманаты» жобасы әзірше іске қосылған жоқ. Гранттарға құжаттар дайындалуда. Алты ауыл әкімдерінің сайлауы шілде айында өтеді деп жоспарланды.

– Әңгімеңізге рахмет! Ел сенімінен шыға беріңіздер!

Сұхбатты жүргізген Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT