Астана қаласында Грэпплинг UWW күресінен халықаралық ASIA OPEN турнирі өтті.
Оған ауданымыздың үмітін ақ желкен етіп қатысқан жас спортшыларымыз Ақкөл орта мектебінің оқушылары Әли Жамалиден алтын, Дастан Ерсайынов күміс медаль иеленіп, сайыста бақтары жанып, жұлдыздары жарқырады.
Жаттығуда төккен тердің қайтарымы болатынын Құрманғазы аудандық балалар жасөсіпірімдер спорт мектебінің грэпплинг күресі түрінің жаттықтырушысы Ермұханов Айбар Жантемірұлының қос шәкірті осылайша өз жеңістерімен дәлелдеді.
Грэпплинг UWW күресінен халықаралық турнир қатардағы көп шаралардың бірі емес, онда тұғырға көтерілу үлкен күш-жігерді талап етеді. Осыны жақсы ұғынған Ақкөл орта мектебінің ұстаздары мен аудандық спорт мектебінің ұжымы жеңімпаздарды пойыздан қуана қарсылап, құрмет көрсетті. Бұл жас спортшыларды алдағы күндерде де жеңіске жетуге жігерлендіре түсері сөзсіз. Өз тарапымыздан оларға қандай жарыста да абыройларың асқақтай берсін деген тілектеміз.
Айнагүл Шакупова