Халықаралық музей күнінде KVEST ойыны өтті

(0 Votes)

Халықаралық музей күніне орай аудандық музейде «Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын» тақырыбында KVEST интелектуалды ойыны өтті.

Аудан жастарынан құралған «Құрманғазы жастары» және «Ауыл жастары» атты екі команда бақ сынаған сайысқа ҚР Журналистер одағының мүшелері Ұлан Иманғали, Еркеназ Қалижан және аудандық музей меңгерушісі Жазира Хайрошова әділ қазылық етті.

Жарыстың бірінші айналымында қатысушылар қойылған сұрақтар бойынша аудан орталығындағы ескерткіштерді тез жылдамдықта тауып, жанына суретке түсті. Екінші кезеңде пазл арқылы сурет құрастырып, құрастырылған жәдігерді музей ішінен тауып, тарихына тоқталу бойынша тапсырмалар орындалды. Соңғы айналымда командалар музей жәдігерлерінде жасырылған сауалдарға жауап тапты.

Нәтижесінде «Ауыл жастары» командасы «Үздік команда» аталымымен, «Құрманғазы жастары» командасы алғыс хатпен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT