Халық емшісі - халқының құрметінде

(0 Votes)

Әйгілі Самай Би ұрпақтары: Қарлығаш,-Қазбек-Қаби-Серікбай сынықшы-әулиелердің заңды мирасқоры, аруақты әулеттің төл перзенті, «Қазақстанның халық емшісі», «Батыр Ана», «Ана жүрегі», медальдарының иегері, Құрманғазы ауданының «Құрметті азаматы» Дәметкен Серікбайқызының өмірден озғанына таяу күндерде бір жыл толады.

Бар ғұмырын туған халқының денсаулығына арнаған емші ана оқыстан ғайыптың кемесіне мінгенде оны білетіндер, маңайдағы ел-жұрт күңірене күрсінгені есте. Біртуар аруақ иесіне деген халық махаббатының сейілмейтіндігіне бұл жолы да куә болдық. Ұрпақтары аналарына арнап тұрғызған мазар басына елдің таңдаулы адамдары, құда-жекжат –туыстары, аруақ иесінің шапағаты тигендер лұқсат етілген шамада жиналып құран-дұға бағыштады. Мазардың ашылу рәсімінде осы әулеттің құрметтісі, академик-жазушы Өмірзақ Қажымғалиұлы, аудандық Мәслихаттың хатшысы Болат Теміржанұлы сөйлеп, батыр да емші ананың елжандылық ерекше қасиеттеріне жан-жақты тоқталды. Ауылдас інісі, ақын Таңатар Дәрелұлы арнау өлеңін оқыды. Жұртшылық ана мазарының соңы үлгіде салынған сәулеттік стиліне жоғары баға беріп, бұл жұмысты айдан аса мерзім жүргізген Нұрлан Ахметов шеберге, бар көмегін жасаған шебер Салауат Мырзағалиевке қайтасын-қайта алғыстарын айтумен болды.

Дәметкен Серікбайқызының жылдық қадесі де елге ортақ қазіргі жағдайға орай ағайын-туыс, шынайы жанашыр адамдармен ғана өткізілді. Адамның ел-жұртқа жасаған жақсылығы ұмытылған ба, құдірет иесінің кірпігі әзер қимылдап келгендерге тигізген зор шапағаты аңыздай әсерге бөлейді. Бірақ, мұның бәрі шындық еді. Атадан-балаға мирас болған әулиелік біржола жоғалып кетпейді. Апайдың да он бір ұрпағының ішінен Ардақтым есімді перзентіне қонатындығын көзі тірісінде марқұмның өзі айтып кеткен. Арғы бабалары түсінде солай аян берген. Қасиетті ананың емшілік жолын бұл күндері Ардақтым қызы жалғастыруда. Көпшілік ұрпағына ауызбірлік, аруақты Ардақтымға бабалар аманатына қылау түсірмеуін тілек етті жұртшылық. Ұл-қыздары, күйеу-келіндері көздеріне жас ала отырып, ата қоныстағы ажарлы тірлік сол қалпында сақталатындығына шандырды.

Таңатар Дәрелұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521