Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов іс-сапармен Құрманғазы ауданында болып, мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесті.
Емен-жарқын өткен жүздесу барысында халық қалаулысы Парламент қабырғасында атқарған жұмыстары, көтерген мәселелері, жолдаған сауалдары туралы хабардар етті.
Кездесуде Ганюшкин ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Жармұханбетов, аудандық мәслихат хатшысы Б.Жүгінісов, мәслихат депутаттары Г.Қалиева, Б.Кенжебаев, Е.Құбашев, Г.Болатбаева, ауыл тұрғындары М.Ниғыметов, Ж.Құспанов өздерін толғандырып жүрген автокөлік жолы құрылысы, ауыз су мәселесі, түп тереңдету, пойыз қатынасын шығару, бағаны тұрақтандыру, ауыл шаруашылығын саласында туындаған жайттар, өткелі отырған ауыл әкімдері сайлауына өзін-өзі ұсыну барысында кездескен қиындықтар бағытындағы сауалдарын қойды.
Бұл сұрақтарға Мәжіліс депутаты Д.Тұрғановмен бірге аудан әкімі М.Мурзиев, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Р.Сиражев жауаптарын берді. Халық қалаулысының ауданымызға іс-сапары бұдан кейін Байда, Көптоғай ауылдық округтерінде жалғасты.
А.НӘЖІМОВ