«Халық» қайырымдылық қорының қолдауы

(1 Vote)

Аудандық Жастар ресурстық орталығында «Біз біргеміз» акциясы аясында «Халық» қайырымдылық қорының демеушілігімен аты жаман аурумен сырқаттанып қатарға қосылған, ем алып жүрген тұрғындарға тегін азық-түлік пен дәрі-дәрмек салынған барлығы 240 қорап үлестірілді.

Сауапты істі бастар сәтте Құрманғазы ауылдық округінің әкімі А.Муса: « - Елімізде орын алған індетке байланысты халыққа көмек ретінде жасалып жатқан жұмыстар аз емес. Бүгін соның біріне куә болып тұрған жайымыз бар. «Халық» қайырымдылық қоры облыс бойынша мыңдаған адамға қолдау білдіріп отыр. Біздің ауданымыз бойынша 150 адам тізімге алынған. Оның ішіндегі 50 адам Құрманғазы ауылдық округінің тұрғындары. Бұл қораптардың барлығын бөліп, тиісті жеріне табыстауға жәрдем етеміз. Басқа түскен нәубеттен ел болып тезірек құтылайық! Ауырмаңыздар!»,-деп, жұмыстың дұрыс жүргізілу жайын қадағалады.

img_2672

img_2676

Еріктілер тобы қораптарды көтеріп, тұрғындардың көліктеріне салып беріп, тіпті жаяу келген жандарды үйлеріне дейін жеткізу қызметін ыждағатпен атқарды. Жиналған көпшілік көрсетілген қамқорлық шарасына зор ризашылығын білдіріп, алғыстарын жаудырды.

img_2681

img_2690

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521