Халыққа есеп беру – маңызды кезең

(0 Votes)

Кудряшов ауылдық округінің 2020  жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алға қойған міндеттері туралы округ әкімі Сақтапберген Ертілеуовтің есеп беру жиыны өтті.

Аудан әкімдігі ғимаратының кіші мәжіліс залында елді жайлаған індетке байланысты онлайн форматта өткен бұл жиынға аудан әкімі, дербес бөлім басшылары қатысты.

Онда ауылдың өркендеуі жолындағы тірліктер тізбектеліп, кезегін күткен мәселелер қозғалды. Атап айтсақ, округтегі Ф.Мазуров, Бейбітшілік көшелеріндегі ауыстырылмай қалған электр желісін қайтадан жаңғырту мақсатында аудан әкімшілігіне қаржы бөлуге бюджеттік сұраныс берілген. Сондай-ақ, сумен қамту жүйелерін  де жаңғырту ісі биылғы жылы орындалады деп күтілуде, мердігер мекеме - «Болат-Д». Оған қоса, мәдениет үйі ғимаратын жаңарту, 9 көшеге жаяу жүргіншілер жолы жәнетас жол салу, реконструкциялау  жұмыстарын жүргізуге ұсыныс жіберілген. Округке қарасты Арна елді мекенінің 4 көшесіне  ағымдағы жылы барлығы 40 дана түнгі жарық орнату жоспарланып отыр.

Округ әкімшілігі ғимаратындағы сенім жәшігіне түскен тұрғындардың талап-өтініштері де назардан тыс қалмады. Мәселен,судан қорғану бөгеттеріне зерттеу-талдау жұмыстары жүргізілуде, алдағы уақытта олар толықтай қалпына келтірілмек. Сонымен қатар, ауылдағы қараусыз қалған үй иелері іздестіріліп, оларға хат жолданып, тиісті шаралар алынуда. Арна елді мекеніндегі интернет желісінің нашарлығы оқушылардың қашықтықтан білім алуына кедергі келтіріп отырғаны мәлім. Осыған орай Kcell, Altel мекемелеріне қосымша интернет қондырғысын орнату жөнінде ұсыныс-хат жолданған, көп ұзамай олқылықтың орны толады деп күтілуде. Ал, ауылдың орталығындағы саябақты таза әрі теректерін күтіп ұстау ісі жүйелі атқарылып отырғанын айтады округ әкімі С. Ертілеуов.

Аудан басшысы Қайрат Нұртаев баяндамаға сәйкес пікірін білдіріп, тұрғындарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту аясында округ әкіміне бірқатар тапсырмалар жүктеді.

 Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521