Х.Доспановаға арналған экспозициялық көрме

(0 Votes)

Жаңаталап ауылдық округі Хиуаз ауылында  Халық Қаһарманы, тұңғыш ұшқыш қыз, жерлесіміз Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толуына орай «Қанатты қызға құрмет» атты шарасы ұйымдастырылды.   

Аталмыш шараға Құрманғазы аудандық музейінің  көшпелі көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

Экспозициялық көремеде Хиуаз Доспанованың ерен ерлігі насихатталып, Атырау облыстық мәслихатынан «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағы берілген куәлігі төсбелгісімен, жеке және отбасы мүшелерімен, тума-туыстарымен, жауынгер достарымен түскен фотосуреттері қойылды. Осымен қоса ерлік көрсеткен өңіріміздің перзенттері, «Кеңес Одағының Батыры» атағын иеленген Александр Афанасьев, Мұқат Мұсаев, Филипп Мазуров және «Даңқ» орденінің толық иегерлері Ғизат Әліпов, Сақып Қызылов туралы деректер берілді.

w

Көрермендер назарына соғыс жылдарында пайдаланылған әскери киімдер, жауынгер құралдары мен тылдан жіберілген қолғап-шұлықтар үлгілерін т.б заттай бұйымдарды тамашалап, өз әсерлерін қалдырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521