Хиуаз – 100
Жазып бойдан құрыс пен тырыстарды,
Кабинада Хиуаз қыз дұрысталды.
«ПО-2»-сі от алды гүрілдеп бір,
Алда болар ойлады ұрыстарды.
Самғап жетсе сұм фашист аумағына,
Шанымды ол бомбасы сауларына.
Адам күшін, жоюмен барлығын да,
Бұл жолы да салады жауға лаң.
Асып кетті үш жүзден бүгінгі өкпе,
Қазір-қазір ұшады күлің көкке.
Мен келемін құртуға көздеріңді,
Қыз қолымен дайын тұр бүлінбекке.
Таппай қоймас аңдыса иісшіл ит,
Кенет алда қос бірдей «Миссершмид»
Қараңғы түн, атқылап жау ұшағы,
«ПО-2»-ге кеткені оқ та тиіп.
Мұның көрген талайын сасқаны ма?
Ерік берді тулаған жас қанына.
Айла-әдіс жетеді бұл Хиуазда,
Көрсетпекке көкесін жатқа мына.
Құқылы ғой, сөйлеуге ірі де өктем,
Жанып құлап барады бірі көктен.
Екіншісі кресті жау ұшақтың,
Зулай қашты жолымен жүріп өткен.
Әттең, Хиуаз аяғын жаралапты,
Кек қайтармай оған да қарамас-ты.
Көріп отыр картадан барар жерді,
Ойрандауға міне енді шамалы ақ тұр.
Қазақ қызы намысқа, туыпты арға,
Жауға жалғыз үш жүздеп жуықтар ма?
Уақыт тығыз, шіркін-ай, айға тақап,
Жұлдыздарды қолымен уыстар ма?
Міне жетті, дұшпан жақ нысанада,
Қыран-қыз бұл ерлікті тұсамаған.
Жалын құшып жанармай, жарақтары,
Күл боп қалды қызыл өртке шыдамаған.
Есіріктер ес жиып ұғынбады,
Әділетке құлағын тығындады.
Бұл жолы да жүз-жүздеп жайрап қалды,
Қазақ қызы қаншасын шығындады?
Қарсы әрекет, ешқандай ойлатпады,
Жеңіс күтсе, осы енді тойлатқаны.
Айтатұғын өздері «Түнгі мыстан»,
Бомба төгіп ұшақпен ойқастады.
Сайрап жатыр кезекті лаңды ізі,
Батыр қыздың қызармас бұған жүзі.
Ұшағынан тек әттең түсе алмады,
Топшысында жарақат қыран-қыздың.
Таңатар Дәрелұлы