Кезекшілік кезіндегі түнгі оқиға...

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Ақтөбе-Астрахань мемлекеттік тас жолының №804 шақырым тұсындағы айналма жолында, Атырау қаласынан Құрманғазы ауылына бағыт алып келе жатырған «УАЗ» маркалы автокөлігі және Құрманғазы ауылынан Атырау қаласына бара жатырған «Лада Ларгус» маркалы автокөлік бір-бірімен соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алғаны жөнінде хабарлама келіп түсті.

Хабарлама түскен бойда дереу оқиға орнына жедел тергеу тобымен бардық. Қарау барысында тас жолдың ені 10 метр, ешқандай жол белгілері, жол сызықтары орнатылмаған, тегіс, жөндеу жұмыстарына байланысты щебеньді жер екендігі анықталды.

zhol-klik-oiasy-1

Көлік жүргізушісі мен жолаушылары дереу ауруханаға жеткізілді. Өкінішке орай, екі жолаушы қаза тапты. Аталған оқиға қылмыстық кодексінің 345 бабы 3 бөлігімен тіркеліп, қазіргі кезде тергеу амалдары басталды.

- Қыз бала ретінде адам өлімімен ұласқан жол көлік оқиғаларына бару ауыр емес пе?

- Кезекшілікке түскен уақытта әр түрлі жағдайлар болады. Әсіресе кешкілік уақытта аса дайындық қажет. Көп қылмыскерлер түнгі уақытта ойлаған қылмысын жүзеге асыратыны жасырын емес. Жол көлік оқиғалары да көбіне түнгі уақытта орын алады. Полиция қызметкері болғандықтан барлығына да моральді түрде дайын болу керексің. Мұндай жол көлік оқиғасына баруым бірінші рет емес. Ең алғашында оңай болмағанын жасырмаймын, бірақ анықтаушы ретінде әлсіздікке жол бермеу қажет.

- Осы жол көлік оқиғасының тергелу барысы жөнінде айта кетсеңіз.

- Бұл оқиға кезекшілікке түскен уақытымда орын алды. Іс бойынша бірнеше сараптамалар тағайындалып, куәлерден жауап алынуда. Көбінесе қаза тапқан адамдардың туысқандарынан жауап алу оңайға соқпайды. Дегенмен, оқиғаның анық-қанығына жетіп, заңды шешім қабылдау қажет. Бұл ретте автокөліктердің жүру жылдамдығы, қандай жол ережесі бұзылғандығы, оқиғаның орын алу басты себебін анықтауға міндеттіміз.

- Жол көлік оқиғасын алдын алу үшін көлік жүргізушілеріне қандай ұсыныс берер едіңіз?

- Әр адам алдында не күтіп тұрғандығын білмейді. Дегенмен сақтық шараларын қолдануы керек. Жүргізуші ретінде өзінің, қасындағы жолаушының өміріне, өзге де адамдардың өміріне жауапкершілікпен қарауы тиіс. Бір ғана қателік, үлкен зардаптарға әкеліп соғатынын ескерген жөн. Сондықтан, ең бірінші жол ережесін сақтап, әр жағдайға өзін дайын ұстағаны абзал. Айта кетсем, барлық қателік асығыстықтан орын алады. Осы жазатайым оқиға да өрімдей 20 жасар баланың, 30 жасқа шыққан ер азаматтың өмірін жұлып әкетті...

Сұхбат берген Құрманғазы Аудандық Полиция Бөлімі анықтаушысы

полиция капитаны Теміржанова Айнұр Әнуарқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT