«Әкем – тірегім, анам – жүрегім»

(0 Votes)

1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» іс-шараларын өткізу тұжырымдасы аясында Құрманғазы ауданының Отбасын қолдау орталығында «Әкем-тірегім,анам-жүрегім»  тақырыбында ашық есік күні өткізілді.

Мақсаты – отбасылармен және балалармен ашық диалог үшін қолайлы орта құру, баланың құқтары мен осы құқықтарды қорғау мүмкіндіктері туралы хабардар ету, ата-аналардың құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ балаларды қорғау жүйесіндегі маңызды қатысушы ретінде отбасын қолдау орталығының қызметін таныстыру. Аталған орталық  2024 жылдың 1 қарашасынан бастап 20 штатпен өз қызметін бастаған болатын. Шараға Құрманғазы аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы Гаухар Құлжанова, инспектор Лира Нұртаева, психолог Данагүл Әлімжанқызы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Эльвира Рахметоллаева, аудандық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Айғаным Мархабаева, аудандық мансап орталығының маманы Гүлмира Кумарова, Отбасын қолдау орталығының бөлім басшысы Альберт Бисенғалиев  қатысты.

Орталықтың бөлім басшысы Зәмзагүл Карсакова шараны ашып, «Ашық есік» күніне қатысушыларға қош келдіңін айтып, сәттілік тіледі. Көрнекі слайд арқылы орталықтың мақсаты мен міндеттері, күні бүгінгі дейін жасаған жұмыстары көрсетілді. Құрылғанына көп болмағанымен, нар көтерерлік жұмыстар атқарған. Арнайы мобильдік топ құрып, қиындықтан өз бетінше шыға алмай жүргендерді анықтап, қол ұшын берген. Жан-жақты қолдау, әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу бойынша отбасын қолдау орталығына 62  адам жүгінген. Олардың 43-і мобильдік топ, 1-і 111 байланыс нөмірі, 18-і өз өтініші арқылы жағдайынан хабардар еткен. Осы орталық құрылғанынан бері некенің бұзылуы, алимент өндіру, үй құжаттарының дұрыс болмауы, мүгедектік ала алмай жүрген адамдар, жұмыссыздық, отбасындағы өзара келіспеушілік, үй кезегіне тұру және т.б. қиындықтарға ұшыраған 43 отбасына қолдау шаралары жасалған. Отбасын қолдау орталығы жанынан құрылған мобильдік топ адамның басына түскен қиын жағдайды, оның ішінде шұғыл көмек көрсетудің терең себептерін анықтайды. «Шұғыл» санатындағы өтініштер бойынша бір жұмыс күні ішінде, «кешенді» санатындағы өтініштер бойынша 5 жұмыс күні ішінде тереңдетілген сауалнама жүргізеді. Сол арқылы қажетті көмек жасалады.

Аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы Гаухар Құлжанова, инспектор Лира Нұртаева, психолог Данагүл Әлімжанқызы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Эльвира Рахметоллаева, аудандық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Айғаным Мархабаева, аудандық мансап орталығының маманы Гүлмира Кумарова мінберге шығып, өз салалары бойынша тақырыпқа сай хабарлама жасап, қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауаптар қайтарды. Шара барысында қатысушы отбасылар орталық тарапынан  жасалған жұмыстарға қанығып, өздеріне қажетті ақпараттар алды. «Ашық есік» күнін орталықтың бөлім басшысы Зәмзагүл Карсакова қорытындылап, қиын жағдайда қалған отбасыларына көмек көрсетуде бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT