"Әкем менің - қорғаным" сайысы өтті

(0 Votes)

Облыстық “Әкелер академиясы” аясында және Отан қорғаушылар мерекесіне орай Абай атындағы жалпы орта мектебінде әкелер мен ұлдар қатысуымен “Әкем менің - қорғаным” атты бастауыш сынып арасында сайыс өткізілді.

Сайыс 4 кезең бойынша өткізілді:

1-кезең: «Әкешім тірегім, балам мұрагерім» таныстыру

2-кезең: «Аналар үйде болмағанда» ситуациялық жағдай

3-кезең: «Отбасы құпиясы» өнер көрсету

4-кезең: «Біз біргеміз» бірігіп сурет салу немесе апликация жасау.

Әкелер мен ұлдар сайыс кезеңдерінен мүдерместен өтті.

Сайыс қорытындысы бойынша төмендегі орындарға ие болды:

І ОРЫН. 4-“Д” сынып әкесі Салханов Саяжан, ұлы Сырымбет Мұхтар;

ІІ ОРЫН. 3-“Б” сынып әкесі Сарсенбаев Ақылбек, ұлы Бөкенбай Серікқали;

ІІ ОРЫН. 4-“Г” әкесі Катимов Нұрболат, ұлы Артурұлы Арсен;

ІІІ ОРЫН. 3-“Г” әкесі Нұрғалиев Әділбек, ұлы Розымбек Абдуррахим;

ІІІ ОРЫН. 4-“Б” әкесі Бралиев Дәурен, ұлдары Тілекқабыл Мадияр, Тілекқабыл Дияр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT