Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгеріс енгізуге байланысты референдум өткізуді ұсынысын Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында мәлімдеді.
Бұған дейінгі реформалар қолға алынған кезде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын Қазақстан Парламентінің қос палатасынеда қаралып келді. Ел Президенті бұл өзгерістер ел болашағына тікелей әсер ететіндіктен референдум өткізу дұрыс болады деген қорытындыға келгенін айтты. - Алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. «Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей бұл мемлекет үшін де, оның баршы халқы үшін де маңызды қадамды бүкілхалық референдум арқылы жасауды өз басым құптаймын. Қай істі де ортақ келісім негізінде берекелі болатыны түсінікті жайт. Сонау 1995 жылғы қазіргі қолданыстағы Ата Заңымыз да халықтың талқысынан өтіп осындай референдум арқылы қабылданған еді. Сол Конституция бойынша өзінің бағыт-бағдарын айқындап отырған еліміз ширек ғасыр ішінде толайым табыстарға жетті. Заман талабы өзгеріп, жаңаша қоғам құрғалы жатқанда өзгерістің керегі сөзсіз. Талай өзгерістерді көрген аға ұрпақ өкілі ретінде бұл науқанға үлкен түсіністікпен, асқан жауапкершілікпен қарауға шақырамын.
Асқар ДҮЙСЕНҒАЛИҰЛЫ,
Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы