С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде ұлттық салт-дәстүрлерімізді сақтауда келіннің орнының ерекшелігін, отбасының ұйтқысы екендігін ұғындыру арқылы жан ұядағы бауырмалдық қарым-қатынасты нығайту және оған немесе болашақ анаға деген сыйластықты оятудың өміріміздегі маңыздылығын ұғындыру мақсатында «Пай-пай, қазағымның келіндері» атты аудандық келіндер сайысы өтті.
Келіндер сайысы бұл жолы ерекше шарттарға негізделді. Сайысқа Мақаш, Жаңаталап, Байда, Сафон, Орлы ауылдық округтерінен Алмагүл Шынайбекқызы, Алмагүл Бауыржанқызы, Асылай Сүйеуғалиқызы, Ару Қанатқызы, Альбина Сәлімбайқызы қатысты. Нәтижесінде Жаңаталап ауылдық округінен келген келініміз бәрінен басым түсіп бірінші орынды иеленді. 2-орын Орлы ауылдық округінен келген келінге тиді. Ал, 3-орын Мақаш ауылдық округінен келген келінге бұйырды. Сафон, Байда ауылынан қатысушыларымыз «Биязы келін», «Еңбекқор келін» деген аталымдарға ие болды.
Гүлбақыт Ермұратова,
С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің әдіскері