Келіндер сайысы

(0 Votes)

Орлы ауылдық округіне қарасты Өнерпаз ауылдық мəдениет үйінде Халықаралық əйелдер күні мерекесіне орай "Əлемді əлдилеген асыл Ана" атты келіндер сайысы өтті.

Шарада құттықтау сөз сөйлеген округ əкімі Жандос Мнафихұлы бір топ аналарымызға гүл шоқтары мен алғыс хатын табыс етті. Ауыл тұрғыны Зоя Насихатқызына "Күміс алқамен» марапаттады.

Келесі бөлімде сайысқа округке қарасты мекемелерден 5 келін қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. 6 кезеңнен тұратын байқауда келіндер көрерменді тапқырлықтарымен, шеберліктерімен тәнті етті. Бірі қолдан дәмді ас дайындаса, бірі жүрекке жетер монолог оқып, енді бірі әсем әуезді әнімен ерекшеленді. Әділқазылардың шешімімен Орлы ауылының "Ең үздік келіні" атағымен Ботагөз Сұлтанғалиева марапатталды. "Инабатты келін" - Венера Амангелдіқызы, "Ибалы келін"- Жазира Нсанова, "Парасатты келін"- Жазира Ислямова, "Сымбатты келін"- Айнамгул Зайдоллақызы, "Өнерлі келін" - Ботагөз Беренқызы болды.

Г.Бақышова,

Орлы ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT