Сіздерді аудандық мәслихат депутаттар корпусы атынан келе жатқан Жаңа 2021 жылмен құттықтаймын!
Жылдар жылнамасының тағы бір жылының күнтізбесін аяқтағалы отырмыз. Еліміздің тарихына Еріктілер жылы болып енген 2020 жыл әлем үшін, ел үшін сынақ жылы болды. Алайда мемлекетіміздің нақты қолдауы мен халқымыздың бірлігі арқасында әлемді шарлаған індетті жеңу шаралары алынып, Жаңа жылға жақсы үмітпен есік ашқалы отырмыз. Өткен жылды ауданымыз экономикадағы, әлеуметтік дамудағы тың табыстарымен қорытындылап, жоспарлы жобалар елдің игілігі үшін іске қосылды.
Келе жатқан Жаңа 2021 жыл баршаңыз үшін жақсылық пен бақыт жылы болсын! Елімізге тыныштық, халқымызға амандық пен ынтымақ тілеймін. Жаңа жыл әр отбасына жаңа қуаныш, жаңа табыс, жақсы үміт сыйласын.
Р.Султанияев,
Мәслихат хатшысының
міндетін атқарушы