«Әке жолы – ұрпағына өнеге»

(0 Votes)

Осындай тақырыппен Гагарин атындағы жалпы орта мектепте әкелер аллеясының ашылу салтанаты өтті.

Оған аудан әкімі Қайрат Нұртаев, аппарат басшысы Нұрлыбек Қалиев, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева, Теңіз ауылдық округінің әкімі Анарбек Баймұханов, ауыл тұрғындары, ардагер ұстаздар қатысты. Алдымен мектеп директоры Жамал Хасанова қонақтарға қош келдіңін айтты. Құттықтау сөз сөйлеген шара қонағы Қайрат Талапұлы мен еңбек ардагері, ауданның Құрметті азаматы Ұзақбай Сапуанұлы аудан мектептері бойынша тұңғыш рет қолға алынып отырған игі шараның маңыздылығына тоқталып, әкелер қолдауымен бой көтерген аллеяның лента қию рәсімін жасады. Ақ жаулықты әжелер шашу шашып, жиналғандарға сары бауырсақ пен ақ ұсынды.

Мектептің әкелер кеңесінің жетекшісі Қайыржан Түйнешұлы «Шабақ қорғау» жобасымен республикалық әкелер форумына қатысса, кеңес мүшелері Бақытжан Бекжанов, Нұрлыбек Ғизатуллин облыстық әкелер сайысына қатысып, жүлделі орынды иеленген болатын. Міне, бүгін олар осы аллеяның ашылуына қол ұштарын тигізіп, демеушілік жасағандардың шеруін бастап шықты. Одан әрі лекті ұрпақтарына үлгі болған асқар тау әкелер, білім ұясының әр жылғы түлектері жалғастырды.

Аудан басшысы Қайрат Нұртаев бұл күні арнайы ұйымдастырылған «Жас шыбық» акциясына қатысып, аллеяға өзінің атаулы ағашын отырғызды. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Абзалұлы және әйелдер кеңесінің төрайымы Сәулеш Сатыбайқызы, әкелер кеңесінің мүшесі Мұхтар Жолжанұлы жүрекжарды лебіздерін білдірді. Ауыл өнерпаздары және мектеп оқушылары әке туралы әндерін орындап, шараның шырайын келтірді. Бұдан кейін аудан әкімі Қайрат Талапұлы мектептің ішін аралап, материалдық-техникалық базасымен танысты.

А.Шакупова

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521