«Кең даланың» диқандарды демеуі

(0 Votes)

Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша Аграрлық несие корпорациясынан "Кең дала" бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру мақсатында 2405 фермер жылдық 5% есеппен 70 млрд. теңге алыпты.

Мемлекеттік қолдауға ие болғандардың 95 пайызын шағын және орта бизнес өкілдері құрайтын көрінеді. Егіс маусымына дейін шаруагерлердің айналым қаражатын толтыру үшін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен өткен жылдарға салыстырғанда республикалық бюджеттен 10 млрд. теңге артық қаражат бөлініп отыр.

Ал, қаржыландырудың жеңілдетілген ставкасы 5%-ға дейін төмендетілгені белгілі болды. Төтенше жағдайға байланысты енгізілген шектеулерге қарамастан Аграрлық несие корпорациясы фермерлерді қаржыландыруды қысқа мерзімде аяқтап, егістік науқанына жедел кірісіп кетудің бар жағдайын жасады. "Кең дала" бағдарламасына қатысуға өтініш бергендердің 126-сы 100 млн теңгеден астам қаржыға ие болды. 194 фермерге орташа есеппен 574 млн теңге берілді.

Мемлекеттік көмек алғандардың 90 пайызы шағын шаруа қожалықтары иелері, олардың 2085-і орташа есеппен 6,1 млн. теңгеден алды. Бұл ретте ең аз несие 600 мың теңгені құрағанын айта кеткен жөн. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы мәлімдемесінде атап өтілгеніндей, көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша да қосымша көмек қарастырылып жатқаны айтылды. Оған өтініштер қабылдау басталып кетті. Аталған мақсатқа бөлінетін қосымша 100 миллиард теңге де Аграрлық несие корпорациясы арқылы берілетін болады. Қарыз алушылар үшін пайыздық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%-ды құрайды. Тағы бір атап өтерлік жайт, дақылдарды егу үшін қаржыландыру барлық деңгейдегі диқандар үшін қол жетімді болады.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT