Қазақстан – цифрлық дәуірге қадам басуда

(0 Votes)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрлық трансформацияға және адами капиталды дамытуға басымдық беруі – еліміздің болашағы үшін стратегиялық қадам. Қазақстанның алдағы үш жылда толық цифрлық мемлекетке айналу жоспары, сондай-ақ жаһандық ІТ алпауыттарының біздің нарыққа белсенді қатысуы – елдің технологиялық әлеуетін айқын көрсетеді.

Сонымен қатар, шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу, «Болашақ» бағдарламасы арқылы әлемнің үздік университеттерінде жастарды оқыту – жаңа буын көшбасшыларын тәрбиелеуге бағытталған өте маңызды бастама. Бұл қадамдар Қазақстанды тек аймақтық емес, халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу және инновациялық хабқа айналдыруға ықпал етеді.

Президенттің бұл бастамалары – Қазақстанның жаңа технологиялық дәуірге сенімді қадам басып келе жатқанын дәлелдейді.

Тамара Өтегенқызы,
Мемлекеттік қызметтің ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT