Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі – Қазақстанның халықаралық аренадағы бейбітшілік пен келісім жолындағы бірегей бастамасы. Бүгінгі таңда түрлі қақтығыстар мен идеологиялық қарама-қайшылықтар белең алған шақта, осындай алаңның болуы – адамзат үшін үлкен мүмкіндік. Себебі, дін – тек рухани құндылықтардың ғана емес, сонымен бірге қоғамның тұрақтылығы мен татулығының да негізі.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы көтеріп отырған «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» тақырыбы – уақыт талабына сай. Әртүрлі дін өкілдерінің ортақ тіл табысып, бейбітшілік пен келісімді басты құндылық ретінде ұстануы – болашаққа сеніммен қарауға жол ашады.
Қазақ даласында ежелден «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген қағида қалыптасқан. Бүгінгі Съезд сол даналықтың жаһандық деңгейде жалғасып жатқанын көрсетеді. Бұл – Қазақстанның бейбітшілікке қосып отырған өлшеусіз үлесі.
Ғаббас Хисметоллаұлы,
облыстық билер кеңесінің төрағасы, Атырау облысының құрметті азаматы