«ҚАЗАҚ СОЛДАТЫ» РОМАНЫ – ПАТРИОТТЫҚ ТУЫНДЫ

(0 Votes)

АУДАНДЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНА ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН «ҰЛАҒАТ» КІТАП КЛУБЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ ҚАЙЫРҒАЛИ СМАҒҰЛОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 105 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ АКАДЕМИК-ЖАЗУШЫ Ғ.МҮСІРЕПОВТІҢ «ҚАЗАҚ СОЛДАТЫ» РОМАНЫНАН ОҚЫРМАНДАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

Шараға мектеп оқушылары, ардагерлер, мұражай ұжымы, кітапхана оқырмандары, «Ұлағат» клубы мүшелері қатысты. «Қазақ солдаты» романы – майдан шындығы көрініс тапқан патриоттық тақырыптағы туынды. Шығарма – қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбында жазылған таңдаулы шығармалардың санатынан лайықты орнын алған аса елеулі еңбек. Алдымен Қ.Смағұловтың өмір және ерлік жолынан жасалған қысқаша бейнеролик көрсетіліп, Ғ.Мүсіреповтің шығармашылығы туралы «Әдебиет әлеміндегі алып тұлға» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасалды. Абай, Бегәлиев, Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары шығармадағы көтерілген мәселелерді аша отырып, кейіпкерлерге талдау жасау арқылы өз пікірлерін ортаға салып, алған әсерлерімен бөлісті.

Ардагер ұстаз Маржан Максимқызы «Қазақ солдаты» романының жазылу тарихымен таныстырса, «Ұлағат» клубының жетекшісі Майра Ниетқалиқызы өлкеміздің Кеңес одағының батырлары жөнінде тоқталып өтті.

Соңында аудандық орталықтандырылған кітапхана директоры Анар Нуриқызы мен аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенқызы шараны қорытындылап, қатысушы оқырмандарға алғыстарын білдірді.

Айнагүл КҮНҰЗАҚҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT