Қауіпті тұста қарқынды жұмыс

(0 Votes)

Дыңғызыл ауылдық округінің Данай учаскесіндегі бөгет өр суының бұзып кету қаупі мол тұстардың біріне жатады. Биік болғанымен де етегі сумен шайылып, опырала құлаған.

2016 жылы ауданымызға өр суы көп келгенде де осы учаске өзіне назар аудартқан. Одан бері біраз уақыт өтті ғой. Аталған учаскедегі бөгетті бекіту жұмыстарына «Атырау-Жарық», «Қазтрансгазаймақ» мекемелерінің аудандық филиалдарының қызметкерлері тартылған. Округ әкімі Оралбай Әзімов, аудандық мәслихаттың депутаты Игор Абуғалиевте осында. Жаға бойының құлаған тұстарына төменнен жоғары қарай қалың қара целлофан төселіп, үстімен төменге жіберілген инертті материалдар (құм толтырылған қапшықтар) бөгет етегіне салынуда.

Жұмыс басында жүрген аудан әкімінің орынбасары, аудандық штабтың басшысы Марат Хасановты сөзге тарттық.

– Қазір мұнда бөгеттерді бекіту жұмыстарына 8 «Шахман», 2 «Камаз», 2 тіркемелі трактор, 1 эксковатор, 2 тиегіш трактор, 2 бульдозер, біреуі шекара бекетінен, ал, округке қарасты Ғизат Әліпов ауылында 1 тиегіш эксковатор мен 1 шынжыр табанды трактор жұмысқа тартылған. 60-тың үстінде «Атырау-Жарық», 20 «Қазтрансгазаймақ» мекемелерінің, 21 аудан әкімдігінің қызметкерлері, 60 шақты еріктілер осында бөгет бекіту жұмыстарында жүр. Бұған дейін су өткелдеріндегі темір өткізгіштер ауыстырылды. Аудан көлемінде ауыр техникаларымен «Сина Мидас строй», «Қазавтожол», «Қазсервис», «Атырау жолдары», «Құрманғазы жолдары», «Декор», «Бекет сәт жол», «Грант мастер», «Құрманғазы су арнасы», «Ганюшкин құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Павлодар өзен порты» АҚ, «Магистарльды су ағызғысы» мекемесі, аудандық аграрлы-техникалық колледж, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары көмектесуде. Бұдан басқа 16 округтегі техникалар жұмылдырылды. Судан қорғану жұмыстары өте қарқынды жүруде. Барлық округтерде халық түсіністікпен қарап, жаға бекітуге атсалысуда. Айта кетер жайт, тұрғындардың алаңдауына негіз жоқ. Өр суы жылдағы көлемде келетінін қаперге береміз,– дейді Марат Ізмұханұлы.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT