Қаржыгерлер сайысқа түсті

(0 Votes)

15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай қаржы саласы қызметкерлері арасында спорттың тоғызқұмалақ, дойбы, көңілді старт, аралас волейбол сияқты түрлерінен аудандық спартакиада өтті. 

Сайыс нәтижесінде оған қатысқан түрлі сала қызметкерлері арасынан тоғызқұмалақтан ерлерден І, ІІ және ІІІ орындарды Берік Мусағалиев (салық), Амангелді Мұратов (қаржы), Мейрамбек Синеғалиев (білім), қыздардан Назгүл Зулханова (білім), Жаннұр Хамитова (қаржы), Эльза Хатимова (салық) иеленді. Дойбыдан І орынды Болат Құбаев (салық) алса, ІІ және ІІІ орындар Әділет Рахимов (қаржы) пен Нұрлан Мұратовтың (бөлімдер) еншісінде. Әйелдерден осындай үш орын тиісінше Құралай Медеуғалиева (салық), Үміт Меңдіғазиева (білім), Маншук Қартжановаға (бөлімдер) бұйырды. Көңілді стартта білім командасы бірінші, бөлімдер мен қаржыгерлер командасы қалған екі орыннан көрінді. Аралас волейболда І орынды – білім, ІІ-ІІІ орындарды – мәдениет пен бөлімдер командасы алды. Гаухар Бегеева (білім) мен Баян Қуанышалиева (салық) «Үздік ойыншылар», деп танылды.

Жалпыкомандалық есеппен І орынға білім командасы лайық деп танылды. ІІ және ІІІ орындарға салық пен қаржыгерлер командасы жайғасты.

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT