Қарапайым еңбек – қоғамның тірегі

(0 Votes)

Мемлекет басшысының бастамасымен биылғы жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жариялануы – ел еңбегінің қадірін арттыратын маңызды қадам. Қарапайым еңбек адамдарының қоғамдағы рөлі ерекше екені осы арқылы айқындалып отыр.

Мен ауылдағы ақылы қоғамдық жұмысшы ретінде қарапайым еңбектің де үлкен мәні бар екенін сезінемін. Қоғамдық жұмыстар халықтың күнделікті тұрмысын жақсартып, ауылдың тазалығы мен көркеюіне үлес қосады. Президенттің бұл бастамасы біз сияқты еңбек адамдарын жігерлендіріп, жұмысшы мамандықтарының беделін көтереді деп сенемін.

Ең бастысы – әр салада адал еңбек еткен азаматқа құрмет көрсетіліп, жастарды да еңбекке баулу. Бұл ауылымыздың да, еліміздің де жарқын болашағына жол ашады.

 

Жанна ӨТЕБОЛАТҚЫЗЫ,

Нұржау ауылдық округінің ақылы қоғамдық жұмысшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT