Карантиндік шаралар қатаң сақталуы тиіс

(0 Votes)

Аудан әкімі Марат Мурзиев бір топ бөлім басшыларымен бірге Байда ауылдық округінде болып, Котяев шекаралық автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік пункттегі дәрігерлерге жағдай жасау мәселесін талқылады.

Аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гауһар Тоғаева коронавирустық инфекцияның мемлекеттік шекарадан таралмауының алдын алуда аталған пункт жөнінде  қысқаша ақпарат беріп, проблемалық мәселелеріне тоқталды. Атап айтсақ, дәрігерлердің қорғаныш киімдерін киіп-шешетін жер, кезекшілікте тұрғанда ауысып демалатын орын, асхана жоқ, пункт кейбір қажетті құрал жабдықтармен қамтылмаған. Жалпы, мемлекеттік шекарадағы Құрманғазы автокөлік өткелінде 54 жолаушы мен 5 жүргізушіден ковид індетіне оң нәтиже анықталған.

karantindik-shara1

Пунктке арнайы барған аудан басшысы Марат Мурзиев көтерілген мәселелердің бірқатарының оң шешілуіне ықпал етіп, вакцинациялау мен ревакцинациялаудың қарқынын күшейтудің маңыздылығын, карантиндік шаралардың қатаң сақталуы қажеттігін алға тартты. Алдағы қажетті атқарулы тиіс жұмыстарды өзінің орынбасарларына жүктеді. Дәрігерлермен де сөйлесіп, олардың ұсыныстарын тыңдады.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521