Карантиндік тексеру пункті тәулік бойы жұмыс жасайды

(0 Votes)

3.Аудандық полиция бөлімі бастығына:

1) Ақкөл ауылына кіре беріс жолдар бойынан карантиндік-тексеру пункті тәулік бойы ұйымдастырылсын, қызметкерлер арнайы қорғаныш киімдерімен, орналасатын мекен-жаймен, тамақтандырылуымен қамтамасыз етілсін;

2) карантиндік шектеу шараларының бұзушылықтары анықталған кезде, өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бойынша дереу шаралар қабылдауды, сондай-ақ профилактикалық мақсаттарда осы фактілерді бұқаралық ақпарат құралдарына кеңінен жариялауды қамтамасыз етсін;

3) азаматтардың қоғамдық орындарда саябақтарда, алаңдарда болуына жол бермеу мақсатында оларды күзету жөніндегі шараларды күшейту,

4) отбасы мүшелерін қоспағанда үш адамнан асатын топтардағы адамдардың қозғалысына, көпшілік адам жиналатын жерлерге, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ересектерсіз жүруіне тосқауыл қоюға;

5) карантиндік аймақтың оқшаулануын, жаяу жүргіншілердің ауылға кіруіне, сондай-ақ барлық көлік құралдарының рұқсатсыз кіруіне жол бермеуге;

6) сыбыстар мен арандатушылық ақпараттардың жолын кесу жөніндегі жұмыстарды ерекше бақылауға алуға, фактілер анықталған жағдайда кінәлілерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапқа тарту үшін дереу шаралар қабылдайды және қауесет пен арандатушылық ақпаратты одан әрі таратуды тоқтату;

7) азаматтардың көше бойымен жүруі құқығынсыз үйдегі карантиндік режимін сақтауын бақылау;

8) аудандағы инфекциялық және карантиндік байланыс ауруханаларында оқшаулау және қорғау, карантинде жатқан адамдарға тәртіп бұзуға қатаң тиым салу, тәртіп бұзған тұлғаларға заңдылыққа сәйкес шарасын алу;

9) аудандық мобилді топ мүшелерімен бірлесіп, рейдтік шаралар ұйымдастыру.

4.Аудандық орталық аурухана директорына:

1) Ақкөл ауылына кіре беріс жол бойындағы карантиндік-тексеру пункті тәулік бойы ұйымдастырылсын, 6 қызметкер бөлінсін, қызметкерлер арнайы қорғаныш киімдерімен, орналасатын мекен-жаймен, тамақтандырылуымен қамтамасыз етілсін;

2) стационарға жатқызылған және берілістерді қабылдаған науқастарға баруға тыйым салуға;

3) денсаулық сақтау ұйымдарында санитарлық дезинфекция және эпидемияға қарсы режимін қатаң сақталуын қамтамасыз етуге;

4) медициналық персоналдардың іс әрекеттерін қарау тасымалдау ошақтарда жұмыс істеу, ауруханаға жатқызу емдеу және науқастарды күтуге байланысты персоналдарды жоғарғы дәрежеде қорғаныш маскалерімен немесе респираторларымен резинке қолғаптарымен қамтамасыз етеді;

 

К.Утаров,

Құрманғазы ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT