Қарақияның құрметтісі атанды

(0 Votes)

Тоқсан жылдан астам тарихы бар аудандық «Серпер» газеті өзінен түлеп ұшқан талантты түлектерін қай қияда жүрсе де ұмытпайды.

Жақында осы редакцияда ұзақ жыл жауапты хатшы болып жұмыс атқарған Жамалидденұлы Амантайдың Маңғыстау облысы, Қарақия ауданының Құрметті азаматы атанғаны туралы ақжолтай хабарды естіп, мың сан оқырманымен бөлісуді жөн санады.

Ардагер әріптесіміз 1949 жылы Құрманғазы ауданының Дәшін топырағында дүниеге келген. Аудандық мерзімдік басылым «Ленин жолы» газеті болып тұрғанда оның жауапты хатшысы болды. Көнекөз оқырмандары ізденімпаз, еңбекқор журналистің публицистикалық мақалаларымен, тамаша очерк-репортаждарымен, сыршыл лирикалық өлеңдерімен жақсы таныс. Ұшқыр қаламынан туындаған поэзиялық шығармалары бірнеше жинақтарға енген.

Амантай Жамалидденұлы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ–дың журналистика бөлімін бітірді. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Маңғыстау облысының Ералиев аудандық «Түлеген түбек» газетінің редакторы болып ұзақ жылдар жұмыс жасады. Сол өңірде басқа да облыстық деңгейдегі қызметтер атқара жүріп, зейнеткерлікке шықты.

Айбек НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT