Қапыда қалмаудың қамымен...

(0 Votes)

Өңіріміздің өр суынан қауіп төнетін аумақтарында су тасқынынан қорғану шаралары жедел алынып, жаға бекіту жұмыстары әр округтерде ұйымшылдықпен өтуде.

Олардан жеткен мәліметтер бойынша ауыл-ауылда жағдай тұрақты, бөгет бойларына жауапты мамандар бөлініп, жұмыстың жүру барысы жіті назарда. Ауданда құрылған төтенше штаб та пәрменді жұмыс атқарып, бекітілген уәкілдер округтердегі судан қорғану жұмыстарын қадағалап отырады. Тұрғындармен, мекеме қызметкерлерімен кездесіп, тұтастай елде болып жатырған жағдайды жеткізді.

Аудан әкімінің орынбасары Марат Хасанов ауданның Д.Нұрпейісова бекеті мен №4 жолайрығы арасындағы теміржол бойының жағдайымен танысты. «Қазақстан теміржолы» АҚ бөлімшесі қызметкерлерімен теміржол рельстері астындағы су өткізгіштердің жай-күйін тексеріп, өр суы келе қалған жағдайда қапы қалмауды тапсырды. Тиісінше теміржолшылар барлық өткізгіштердің жарамды, су жолдары тазаланып тұратындығын қаперледі.

Сонымен бірге, «Қиғаш бас су ағызғысы» мекемесі өкілдерімен бірлесіп «Астрахан-Маңғышлақ» магистральды су құбырының бойларын қарап, су басудың алдын алу мақсатында қорғаныш бөгеттерінің қауіпсіздігі пысықталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT