Көзбен көру көп нәрсеге қанықтырды

(0 Votes)

Аудан әкімі Қайрат Нұртаев бір топ бөлім басшыларымен бірге Орлы, Нұржау, Жаңаталап ауылдық округтерінде болып, әлеуметтік нысандардың жағдайымен, шешімін күткен мәселелерімен танысты.

Орлы ауылдық округінің әкімі Асқар Мұфтах болашақта тұрғын үйлер салынатын жерді көрсетті. Айтуынша мұнда инфрақұрылым тартуды есеп беру жиыны сайын көтеріп келеді, алайда әлі шешімін таппауда. Бүгінде округ бойынша 128 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Сол сияқты Орлы ауылында алға қарай спорт алаңын салу да жоспарланған. Оған бөлінген жерде су құбыры да бар, 100 тал егілген. Округ басшысының алға қойған мақсаттары аудан әкімі Қайрат Талапұлы тарапынан қолдау тапты. Былтыр ғана пайдалануға берілген Орлы дәрігерлік амбулаториясына құрал-жабдықтар әлі жеткізілмепті. Мұнда көлік қоятын жабық баспанасы, құдығы жоқ. Терезелері дұрыс ашылмайды. Ауласындағы жарықтың екеуі ғана жанады. Көлік кіретін қақпасының топсасы сынып кеткен. Аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Сағидолла Кулов мұнда әжетхана да жоғын айтты...

 

Жалғасын газетіміздің келесі саннан оқи аласыз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521