Көз ауруына «көз жұма» қарамайық!

(0 Votes)

Қорғаныс істері жөніндегі бөлім жанынан құрылған медкомиссия құрамындағы офтальмолог дәрігерінен өте алмай, тіркеуге әрбір үшінші келген жас жігіттердің сүрініп жататыны рас.

Әсіресе соңғы бір жылдың көлемінде бұл келеңсіз жағдайдың белең алуы жиі байқалуда. Сондықтан да көзді күту үшін алдымен оның тазалығына баса мән беру қажет. Жұмыс істегенде жарық бөлмеде отырып, арқа мен басты түзу ұстаған дұрыс және теледидарды, смартфон, ұялы телефондарды қараңғыда қарамаған жөн. Осы ретте ескеретін бір жайт, көз тазалығын сақтаумен қатар дұрыс тамақтануға да мән берген абзал. Мысалы, құрамында канцерогеннің жоғары мөлшері бар тағамды және басқа да зиянды заттарды қабылдау көз ауруына ұшыратады. Бұны медицина да жоққа шығармайды.

А.ШАРИПОВ,

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT