Қызметті бағалаудағы өзгеріс

фото: egov.kz
(0 Votes)

Мемлекеттік органдағы мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасымен 2023 жылдың 8 ақпанында «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау туралы үлгілік әдістемесі жаңадан бекітіліп, қолданысқа енгізілді. Құрылымдық бөлімшенің немесе мемлекеттік органдағы кейбір басшы лауазымдар үшін қызметін бағалау нысаналы мақсатты индикатор бойынша айқындалып, тоқсан сайын бағаланады. Ол критерий мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған көрсеткіштерден тұрады. Басшы лауазымдағы қызметшілерден басқа мемлекеттік қызметшілер үшін қызметін бағалау олардың функционалдық міндеттерді орындау сапасы, міндеттерді орындау мерзімдерін сақтау, бастамашылдық және дербестік, еңбек тәртібін сақтау, атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделігі–бағалау параметрлеріне сәйкестік дәрежесін ескере отырып, анықталатын саралау әдісі негізінде тоқсан сайын бағаланады.

Жаңадан қабылданған осы әдістеменің ерекшелігі мемлекеттік органдағы мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау нәтижелері негізінде бонустарды төлеу, көтермелеу, оқыту, ротация, мемлекеттік лауазымда төмендету немесе жұмыстан босату үшін шешімдер қабылдауға және бағалау нәтижелері қызметшіні оқыту бойынша шешімдер қабылдауға негіз болып табылады.

А.ӘНЕС,

аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және

құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT