Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта мектебі бойынша Құрманғазы аудандық білім бөлімі “Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі 158 бұйрығының. 9-қосымшасына сәйкес "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері: Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – 5 (бес) жұмыс күні.
2) көрсетілетін қызметті берушіде немесе Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут.
3. Көрсету нысаны: Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
Жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы анықтама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.
5. Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оны алу тәсілдері:Тегін
6. Құжаттардың тізбесі: Көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда (бұдан әрі - АХАЖ АЖ) не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігі;
4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша оқу орнынан анықтама.
Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады, содан кейiн түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады; порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір рет пайдаланатын құпиясөзбен куәландырылған, көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі порталдың есеп жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша оқу орнынан анықтаманың электронды көшірмесі.
Әлеуметтік педагог: Ақтолқын Батырбекқызы