Қыздар шеберлік сабағын өткізді

(0 Votes)

З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернатында" әлеуметтік педагог Г.Картжанованың жоспарына сай "Қыз еркем, ісімен көркем" атты мектеп асханасында ток шоу өткізілді.

Мақсаты: Жасөспірім қыздарды аспаздық өнерге баулу. Бойларындағы шеберлік, ұқыптылық, әсемдік, біліктілік, танымдық қасиеттерінің артуына ықпал ету.

Аспаздық өнерлерін көрсету бағытында 7-11 сынып қыздарынан құралған 1 топ "Шебер" қыздар 2 топ "Тәттілер" 3 топ "Жас аспазшылар" атты топ қыздары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Сайыс түрі 4 кезеңнен тұрды.

1 кезең: "Таныстыру"

2 кезең: Дәруменді салат түрін дайындау

3 кезең: Блина дайындау, пицца пісіру

4 кезең: Қонақ үстелін дайындау

5 кезең: Топтық жұмысты қорғау.

Шара соңында қатысқан қыздарымызды дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді. Осы шараға демеушілік танытып, жақсы өтуіне атсалысқан кәсіпкерлеріміз " Электроника" сауда үйнінің басшысы Ж.Ахметов мырза мен "Дария" сауда үйінің басшысы Қ.Мусабек мырзаға мектеп әкімшілігі атынан зор алғысымызды білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT