Аудандық жас туристер бекетінің ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай үйірме жетекшілері арасында «Womens Teams» тимбилдингі өткізілді.
Мақсаты – берік достық қарым-қатынасты орнату және өзара көмек көрсету принциптерін құру болатын. Тимбилдинг қатысушылары «Жалын», «Бірлік» атауымен екі топқа бөлініп, өзара сайысты. «Мергендер», «Туристік», «Аяқ-қол», «Jumper», «Да Винчи», «Қалашық» кезеңдері бойынша сынға түскен нәзік жандылар өзара үздіктерін анықтады.
Ептілік пен шапшаңдықты талап ететін жарыста екі командада тең түсіп, нәтижесінде достық жеңді. Соңында белсенділік танытқан қатысушылар естелік сыйлықтар, алғыс хаттармен марапатталды.
Айнагүл Күнұзаққызы