Құрманғазыда кәсіпкерлерге төтенше жағдайдағы жауапкершіліктері түсіндірілді

(0 Votes)

Аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне орай аудан кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.

Онда Президенттің Жарлығы мен халыққа Үндеуін таныстырып, ол бойынша сауда және көпшілік тамақтану орындарында атқарылатын карантиндік шараларды түсіндіріп өтті.

Сауда нысандары мен базарларда санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, жұмыс уақыты шектелетіні, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізу мен бағаны тұрақтандыру қамтамасыз етілетіні, тауар құннын негізсіз өсуіне жол берілмейтіні айтылды. Бұдан басқа асханаларда тамақтанушылар санын 50 адамнан асырмау, тойханаларда той, садақаларды өткізулерге тыйым салу туралы ақпарларды жиналғандарға жеткізді. Сондай-ақ, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдердің қаптамаларда сатылуы, сатушылардың гигиеналық тазалыққа қатаң мән беріп, бетпердемен жұмыс жасауы, қызмет орындарын талапқа сай залалсыздандырып отыруы туралы қарапайым ережелерді ескеруі қажеттігі ескертілді.

img_1027

Ресей Федерациясымен арадағы шекараның уақытша жабылуына орай жеке кәсіпкер Гаухар Болатбаева «Құралай» наубайханасына ұн көршілес Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан әкелінетімен нан пісіруге қажетті ашытқыларды Ресейден алып келгенін айтып осы мәселені оңтайлы шешіп беруді сұрады.

Жиында көптеген кәсіпкерлер жұмыстарының шектеліп немесе тоқтап тұруына байланысты шағын несиелерін төлеуде қиындықтар туындауы мүмкіндігін жеткізсе, жалға алып қызмет көрсетушілер де өз жағдайларына алаңдаушылығын білдірді.

Аудан әкімініңі орынбасары Ж.Бектеміров бұл ретте екі жақты келісімшарттардағы форс-мажорлық жағдайды басшылыққа алып реттеуге болатынын айтты. Аудандық мәслихат депутаты Бержан Кенжебаев шағын несие серіктестіктерінен, басқа да қолдау қорларынан несие алған кәсіпкерлерге несие беруші құрылымның басшысына қағаз немесе электронды түрде мәселеге орай мәлімдеме беріп тастаудың да артықтығы жоқтығын қаперге берді.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT