Бүгінгі таңда кәсіпкерлік саласының ел экономикасының қарқын алуына айрықша ықпал етіп отырғаны баршаға аян.
Бұл бағытта ауданымызда да бірқатар жұмыстар қолға алынуда.Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әйгерім Ғиззатоваданаудан бойынша шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағытында 2019 жылы атқарылған шаралар және алда тұрған міндеттер туралы мәлімет алып, оны оқырманменбөлісуді жөн көрдік.
Былтыр тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің ішінен белсендісі 2347 болса, (о.і. 109 заңды тұлғалар, 648 шаруа қожалықтар, 1590-і жеке кәсіпкерлер), бұл көрсеткіш 2018 жылдың (2018 жылы 2211, о.і. 105 заңды тұлғалар, 638 шаруа қожалықтар, 1468-і жеке кәсіпкерлер) есепті мерзімімен салыстырғанда өсу қарқыны 106,2%-ға жетіп отыр. Ал кәсіпкерлік салада жұмыспен қамтылғандар саны 3806-ны құрады.(2018 жылы-3711 адам)
Жыл ішінде барлығы 2690,8 шаршы метрді құрайтын 13 кәсіпкерлік нысаны пайдалануға қабылданып, жұмыстарын бастады. (147,8 ш/м құрайтын 1 балық аулаушылардың демалыс үйі, 18,0 ш/м құрайтын 1 жанар-жағармай құю және газ құю бекеті, 385,39 ш/м құрайтын 1 кафе, 49,49 ш/м құрайтын 1 көлік жуу және тегершік жөндеу орталығы, 119,76 ш/м құрайтын 1 көлік жөндеу орталығы, 487,20 ш/м құрайтын 1 құс фермасы, 893,54 ш/м құрайтын 6 дүкен, 589,66 ш/м құрайтын 1 мейрамхана).
Жалпы ауданда шағын және орта кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы салаларын дамыту бағытында қаржыландыру жұмысы еліміздегі тиісті бағдарламалар бойынша іске асырылу үстінде. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы жыл қорытындысымен «Ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнесті дамыту» бойынша 36 млн.теңгеге 8 жоба несиелендірілген.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуда 2017 -2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында 74 кәсіпкерлік субъектісіне 291 млн.теңге несие ұсынылған.
«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы арқылы 8 кәсіпкерлік субъектісіне жалпы құны 42 млн.теңгеге 11 арнайы техника лизингке берілген. "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлік субъектілеріне 2, жастар жылына орай жас кәсіпкерлерге 3 жобаға, жалпы құны 9,5 млн.теңге қайтарымсыз мемлекеттік грант бөлінген. Сондай – ақ, аталған бағдарлама аясында 4 жобаның 78 млн.теңге банктік несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидияланған.
2019 жылы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының Құрманғазы ауданы бойынша филиалы арқылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылай емес қолдау көрсету бағытында 309 жеке және заңды тұлғаға қызмет, 927 кеңес, 113 сервистік қолдау көрсетілген.
«Бастау бизнес» және «Жас кәсіпкер» жобаларымен 380 адам оқып, 163-не 807 млн.теңге грант төленген. Оның ішінде жас кәсіпкерлер-47.Дүниежүзілік банктің қолдауымен ұйымдастырылған "ZhasProjekt" жобасына 61 жоба тапсырылып, оның 21-і 1 млн. теңгенің грантын иеленген. Қазіргі уақытта 60 жас аталған жоба аясында жұмыстануда.
Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің теңгеріміндегі «Шипажай» ғимаратында оңалту, сауықтыру және қонақ үй қызметін ұйымдастыру үшін жеке кәсіпкер Г.Дощановамен мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы келісімшарт жасалған. Қазіргі таңда оның өз қаражаты есебінен ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында ауданның барлық елді мекендері бойынша қажет ететін 141,7 шақырым көше жарығын жүргізу бағытында «SmartMediaLlc» ЖШС-менжасалған келісімшарт облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шарушылық басқармасына ұсынылып отыр.
Ауданымыздың кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтарын толғандыратын бірқатар мәселелер де баршылық. Оның ішінде жер алу қиыншылығы, несие алуда кепілге қойылатын жылжымайтын мүліктердің өте төмен бағалануы сынды түйткілдер шағын және орта бизнестің дамуына қолбайлау келтіруде. Сондай-ақ, кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы жанынан бухгалтерлік қызмет және бизнес жоспар жасауға кеңес беретін маман қызметі де қажет етіледі.
А.Шакупова