Кәсіпкерлермен кездесу жиыны өтті

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында кәсіпкерлікке қатысты заң бұзушылықтардың алдын алу және салық кодексіне енгізілген өзгерістерге түсіндірме жүргізу мақсатында кездесу жиыны өтті.

Оған аудандық кірістер басқармасы, аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасы, аудандық ішкі істер бөлімі, аудандық кәсіпкерлік палатасы, аудандық дербес бөлім басшылары, кәсіпкерлер қатысты. Жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрлыбек Қалиев төрағалық етті.

Күн тәртібінде негізгі 2 мәселе қаралды. Аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Ерсін Ғайнетов хабарламасында жазғы маусым кезінде балалардың қатысуымен болатын ауқымды шаралардың жоспарлануына орай, олардың қоғамдағы қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру аясындағы заң талаптарын жеткізді.

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың ересектердің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде болуы, ойын-сауық мекемелерінде олардың қатысымен орын алатын оқыс оқиғалардың алдын алу және бала құқығын қорғау шеңберіндегі заң талаптарымен таныстырды.

ҚР «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының орынбасары Қ.Насипов баяндады. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлыбек Төлепов және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысының міндетін атқарушы Азамат Жандыбаевтың қосымша хабарламалары тыңдалды.

Ағымдағы жылдың 1 маусым жағдайында аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3418, өткен жылмен салыстырғанда 684  бірлікке өсіп, өсім 125% пайызды құраған. 4 кәсіпкерге темекі өнімдерін сату кезінде заң талаптарын сақтамағаны үшін барлығы 155 250 теңге көлемінде айыппұлдар салынып, өңдірілген.

Жиын барысында аудан кәсіпкерлері толғандырған сауалдарын жолдап, тиісті жауаптарын алды.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT