Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиевтің басшылығымен құрманғазылық шаруагерлер мен кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауды түсіндіру бойынша көшпелі мәжіліс өтті.
Ашық диалог форматында ұйымдастырылған басқосуды аудан әкімі Абат Жанғалиев ашып, жиынның мақсат-маңызына тоқталды. М.Мурзиев облыс орталығынан келген көшпелі мәжілістің спикерлерімен таныстырды. «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорциясы ҰҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Азамат Айтбаев «Ауыл аманаты» жобасының тиімділігі туралы, оны алу жоларды, несиелеу механизмі, қажыландыру бағыттары, жобаның талаптары мен артықшылықтары туралы кең көлемде түсіндірді.
«Даму кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Дәурен Жолдасбек шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, соның ішінде жаңадан іс бастаймын дегендерге, бұрынғы кәсібін жандандырғысы келетіндерге өтеусіз несие беру қарастырылып отырғандағын жеткізді.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім меңгерушісі Гүлболат Аманғалиева кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы шаралар, жастарға 2,5 пайызбен микрокредит беру жолдары туралы айтып өтті. Басқосу барысында «Құрманғазы СДО» ЖШС басшысы Бержан Кенжебаев, шаруа қожалығы иесі Қанат Әбілғазиев, полистирол құрылыс өнімін шығаруды бастаған кәсіпкер Нұрболат Синеғалиев және басқалары көтеріліп отырған мәселеге қатысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Сауалдарға спикерлерден өзге облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Салауат Өтеғұлов, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек Ермекқали, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабеков жауаптарын қайтарды.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Сүйінбаев «Ауыл аманаты» жобасы бойынша құжаттар палатаның филиалдары арқылы жинақталатынын, мамандармен кәсіпкерлерге түрлі кеңестер беріліп, көмек көрсетілетінін жиналғандардың есіне салды. Көшпелі мәжілісті қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары М.Мурзиев бүгінгі басқосудың соңғы емес екенін, алда тағы да түсінік жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік қолдаудың әр азаматқа қолжетімді қылу бағытында жұмыстар жүргізілетіндігін назарға берді.
Айбек МЕЙІРМАН