Кәсіпкерді әуре-сарсаңға салған

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі - департамент) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі (бұдан әрі - бөлім) кәсіпкерді әуре-сарсаңға салғандығы анықталды.

Нақтырақ айтсақ, 2019 жылдың сәуір айында жоғарыда аталған бөлімге «Радар-С» ЖШС-і автокөлік жуу орталығын ашу мақсатында «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алуға өтініш тапсырған. Аталған өтініш бойынша бөлім қызмет алушының эскиздік жобасында кемшіліктер бар екендігі анықталғанын, талаптарға сәйкес орындалуын талап етіп, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту мерзімін кешіктірген. Осы орайда қызмет алушы автокөлік жуу орталығының эскиздік жобасын сызбастан бұрын бөлімге «Құрылыс және реконструкция жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік қызметін алуға өтініш берген. Нәтижесінде бөлім қызмет алушыға жуу орталығының құрылысын салуға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасын бергендігін атап өткен жөн. Одан әрі қызмет алушы бөлімнің бас тартуында көрсетілген эскиздік жобадағы кемшіліктерді талаптарға сәйкестендіріп, мамыр айында қайтадан эскиздік жобаны келісуден өткізуге өтініш тапсырған. Алайда, бөліммен қызмет алушының жер учаскесі орналасқан аумақта автокөлік жуу орталығын салуға болмайтындығы анықталып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту мерзімін қайтадан кешіктіре отырып, эскизді келісуден екінші рет басқа себеппен бас тартқан. Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидасының 42 тармағында көзделген бұрын болған, бірақ көрсетілмеген негіздер бойынша бас тартудың болуы мүмкін емес делінген талабы ескерілмеген. Тоқ етерін айтсақ, кәсіпкерге автокөлік жуу орталығын салу туралы сәулет-жоспарлау тапсырмасын бергенде немесе ол эскиздік жобаны келісуден өткізуге бірінші өтінішін тапсырған кезде бөлім тарапынан бұл жерден автокөлік жуу орталығын салуға болмайтындығы мүлдем ескертілмеген. Осылайша кәсіпкерді әуре-сарсаңға салуға жол берген. Бұл ретте, департаментпен тексеру барысында анықталған құқық бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау мақсатында тиісті шараларды қабылдау және кәсіпкерге дұрыс түсінік бермеген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарастыру туралы нұсқама енгізілді.

Ж.Байшеркешов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT