28 маусым – ақпарат және байланыс қызметкерлері күніне орай аудан әкімі Қайрат Нұртаев «Серпер» газеті редакциясы ұжымын, «Атырау-Қазақстан» телеарнасының аудандағы өкілдігін және Құрманғазы желілік-техникалық учаскесі қызметкерлерін қабылдады.
Құттықтау сөзін арнап, шығармашылықпен айналысатын бір топ қызметкерлерге, телекоммуникация саласының озат мамандарына Алғыс хаты мен ескерткіш сыйлығын табыс етті.
Қабылдауда аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов, «Серпер» газетінің бас редакторы Таңатар Дәрелов, Құрманғазы желілік-техникалық учаскесінің маманы Көшкінбай Шаштыбаев лебіздерін білдірді.
А.Нәжімов