Кәсіби білім ордасының 60 жылдығы

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының 30 жылдығы қарсаңында Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінің құрылғанына 60 жыл толуына орай үлкен мерекелік шара ұйымдастырылды.

Оған кәсіби білім ордасында әріптес мекемелер, қызмет жасаған ардагерлер, колледждің әр жылдардағы түлектері шақырылды.

img-20211215-wa0042

Салтанатты жиын барысында колледждің директоры Болатбек Өтегенов аудандағы кәсіби білімнің қара шаңырағының өткен жолы, жастарды ауыл шаруашылығына қажетті мамандыққа баулудағы жеткен жетістіктері сараланған баяндамасын жасап, қатысып отырғандарды елміздің басты мерекесімен және колледждің құрылғанына 60 жыл толуымен құттықтады.

img-20211215-wa0051

img-20211215-wa0053

Өткен ғасырдың сексенінші және тоқсаныншы жылдарының тоғысында осы кәсіби білім мекемесін басқарған Қадірбай Жармұханбетов артта қалған күндерді ой елегінен өткізіп, марқұм болғандарды еске алып өтті. Аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Базарбай Өтеулиев колледждің «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына белсене қатысып отырғандығын атап өтіп, алға қарай да мұндай әріптестіктің жалғаса түсуін тіледі.

img-20211215-wa0049

img-20211215-wa0050

Келесі кезекте шараға арнайы келген қонақтар Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжінен Шалқар Нәбидоллаұлы, О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінен Жасұлан Рысқалиев құттықтау тілектерін білдірді.

img-20211215-wa0048

Салтанатты жиынның екінші бөлімі колледждің 60 жылдығына орай шығарылған энциклопедияның тұсаукесерімен жалғасты. Іргелі кәсіби білім ордасының шежірелік кітабының оқырманға жол тарту рәсімін ақын-жазушы Таңатар Дәрелов және Ганюшкин ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Қадірбай Жармұханбетов жасады.

img-20211215-wa0045

img-20211215-wa0052

Бұдан соң колледждер арасында жасалған меморандумға қол қойылды. «Жас маман» бағдарламасы аясында «Механизатор» құзіреттілік орталығының салтанатты ашылу болып, оқу корпусына кірер есік алдына керілген лентаны қию құрметіне аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Базарбай Өтеулиев және «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалының директоры Ұлыбек Өтегенов ие болды.

img-20211215-wa0043

img-20211215-wa0044

Шараға қатысшылар орталықтың материалдық-техникалық базасымен, студенттердің кәсіби мамандықтарға машықтану шеберліктерімен танысып шықты.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT