Көшеміз жарық, жолымыз қауіпсіз

(0 Votes)

Құрылысшылар мөлтек ауданы Ж.Ниғыметов көшесінің тұрғындары үшін бұл тосын жаңалық болды.

Құрманғазы ауылдық округі әкімінің өткен есеп беру жиналысында өз тарапымыздан көшеге жарық тарту, автокөліктердің жүрісін жайлату үшін тас жолға кедергі орнату жөнінде ұсыныс енгізген болатынбыз. Жақында тас жолға кедергі орнатылып, бас-көзге қарамай заулап ағатын автокөліктер жүрісін жайлатты. Бұл үлкен-кіші үшін біршама қауіпсіз болды. Әсіресе, балаларға. Осы жұмысты мойына алған аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Найзабек Құбашев мырзаға және мұнымен айналысқан бөлім қызметкерлеріне алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Тас жолды жағалай электр бағаналарын тартып жатыр екен. Жігіттер қайдасыңдар, десек: -Оралдан, «Жайық-Сити» ЖШС-інен біз дейді олардың бірі. Бәрекелді! Уәделеріне тұра білген округ әкімі Абдурахман Рахметұлына, осының бәрін назардан шығармай қадағалап отырған аудан әкімі Қайрат Талапұлына да шексіз разылығымызды білдіріп,алғыс айтамыз. «Әкім бол-халқыңа жақын бол» дегеннің куәсі өздеріңіз демекпіз. Аудан орталығының көшелері көріктеніп, жасыл ағаштар көбірек жайқалуда. Бұрынғы «Агропромстойдың №5 жылжымалы мех.колоннасы» деген жазу тұратын тас тұғырға әдемі көрнекілік ілінгеніне де көңіліміз көншіп, округ әкім Абдурахман інімізге риза болғанымыз бар. Көп жұмыстар жасалуда, барды бар деп айтқан жөн. Бір ескерерлігі Лубек Азатовтың үйінің бер жағындағы А.Тәкешов аудан әкімі болғанда егілген ұзын бәйтеректер көптен сусап тұр, ескерерсіздер деп айтып жатқаным. Айтулы мекеніміз Құрманғазының ажарына-ажар қосқандарыңыз міндеттеріңіз болғанымен айта қаларлықтай жұмыстар.Әлі де жалғаса түседі деген сенім үкілейді.

Таңатар Дәрелұлы,

ардагер журналист, ауданның Құрметті азаматы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT