Көшелердің жарық болғаны жақсы

(1 Vote)

Күн батып, айнала қараңғылық құрсауына шырмалғанда, көшелердің көркін еселейтін жарық шамдары екені даусыз.

«Жолда кесе-көлденең жатқан нәрсеге соқтығып қалмас па екем» деген күдікке бой алдырмай, кешкілік таза ауамен еркін тыныстауға да септігін тигізер осы жарқырау құралы. Оның нашарлығы немесе мүлдем қондырылмауыкөліктердің жол апатына ұшырауы мен бұзақылардың теріс әрекеттерінің белең алуына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.

Осындай олқылықтарды барынша болдырмау мақсатында Құрманғазы ауылындағы елді мекендерге көше жарығын салу құрылысы аясында мемлекеттік сатып алу қызметі қолға алынып, «Жайық Сити» ЖШС мекемесі жеңімпаз атанды. Қазіргі кезде облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасынан (ГАСК) құрылыс жайын бастау үшін рұқсат алу мәселесі толық реттелсе, тамыз айынан бастап жұмысшыларіске кіріспекші.

Жалпы көше жарығы құрылысының ұзындығы 4,34 шақырымды құрамақ. Көшелер бойынша атап айтсақ: Ж.Нығметов 0,25, Желтоқсан 0,6, Қыдыр ата 0,4, М.Қабдолқызы 0,4, А.Нұрғалиев 0,6, М.Ғилаев 0,35, Х.Испулаев 0,2, Абай 0,35, Т.Құрманғалиев 0,04, М.Мұсаев 0,45, Жерұйық 0,3, Құрылысшы 0,4 шақырымды қамтиды. Ауыл бойынша 59 көшенің 33-і түнгі жарық шамдарымен жасақталған.

Сонымен қатар Орлы ауылдық округінде ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін қанағаттандыру үшін «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында «Сұңқар» ЖШС-мен келісімшарт жасалып, нәтижесінде М.Мұсаев көшесіне жарық тартылып, пайдалануға берілді. Жоспарланған қаржы толық игерілді.

Қиғаш ауылдық округіндегі 16 көшенің алтауы жарықтандырылды. Д.Нұрпейісова елді мекені де жарықпен толық қамтамасыз етілді.

Байда ауылдық округінің 6 көшесіне де жарық жүйесі қосылған. Алайда көшелердің жартылай салынуына орай, Ы.Алтынсарин, Қ.Сәтбаев көшелеріне қосымша түнгі жарық орнату жұмысы келесі жылға жоспарланып тұр. Шамдардың шытынамауы «Сұңқар» мекемесімен келісімшарт негізінде үнемі қадағалану үстінде. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы негізінде Теңіз ауылдық округіне қарасты Құмарғали, Шайхы, Дәулет, Приморье елді мекендері көшелерінде 5 данадан, Шортанбай ауылдық округінде 5, демеушілікпен тағы 1 көшеде жарық жанды. Қалған көшелерді жарықтандыру жұмысы қаржы бөлінуіне сәйкес сатымен орындалады.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT