Көше тазалықшылары – құл емес

(1 Vote)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: - Қоршаған ортаны қорғау жəне экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мəселе. Бүкіл өркениетті əлем жұртшылығы осы мəселемен айналысуда. Бізге де мұндай жаппай үрдістен шет қалуға болмайды,-деп атап көрсеткен болатын.

Көше тазалығы мәселесі қашан да маңызын жойған емес. «Айта, айта Алтайды, Жамал апам қартайды» дегендей, газетімізде аталмыш тақырып төңірегінде аз қозғалып жүрмесе де, айналамыздың «адалдығына» алаңдаушылық әлі де төмен деңгейде екені байқалады.

tazaly-musor1

Естеріңізде болса, тазалық жұмыстарымен айналысуға рұқсат беретін тендер ағымдағы жылдың маусым айының 17 жұлдызында өтіп, жеңімпазы болып жеке кәсіпкер Еркеғали Таяшев танылған еді. Бұл азамат тұрмыстық қалдық қоқысты алу және орналастырумен он жеті жылдан бері айналысып келеді. Оған қоса көшеміздің көркін арттырып, қажетсіз қоқыстардан арылуымызға үлкен күш салып жүрген қоғамдық ақылы қызметкерлердің еңбегін ешкім жоққа шығармауы тиіс. Құрманғазы ауылдық округі бойынша ақылы қызметкерлер саны – 40-қа жуық. Олардың күнделікті жұмысын көзіммен көріп, мән-жайына қанығып келген болатынмын.

Негізі жұмыс уақыты таңғы 9:00-де басталып, (арасында үзіліс уақыты бар) кешкі 18:30-ға дейін жалғасады екен. Алайда, «тазалық сақшылары» таңмен таласа тұрып, жұмыс басынан табылды. Тізілген контейнерлердің ішіндегі қоқыстан сыртында шашылғаны көп. Қаңғырған иттер, қараусыз сиырлар әр салафанды аударып-төңкеріп, қарқылдаған қарғалар аузына «несібесін» тыққыштап жүр. Тұрмыстық қалдықтар ғана салуға арналған контейнерлерге құрылыс қалдықтары да (үлкен ағаш, шифр, терезелер) аяусыз тасталған. Айтпаса сөздің атасы өледі ғой, тіпті адамның үлкен дәреті де төгілген. Ешбір күтімнің жоқтығынан әбден тозған, түптері тесілген контейнерлерден су жерге сорғалап ағып, айналаны лай-батпаққа айналдырған. Ал, ол жердегі иісті бір сәт қолқаңнан өткізудің өзі жиіркенішті. Бәрінен обалы, қоқысты «Камазға» тиеу сәтінде контейнерлер жоғары көтерілгенде, аталған «сұмдықтың бәрі» астындағы қызметкерлерге үлкен соққы әкеледі. Осы жаға ұстатарлық жайттың салдарынан қызметкерлердің жарақат алып, төсекке таңылған сәттері де аз болмаған.

 

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521