Көшбасшы әйел – табысты әйел

(0 Votes)

Бүгінгі таңда мемлекетіміз жүргізіп отырған гендерлік саясат аясында әйелдердің еркін жұмыс жасауына барлық жағдай жасалуда.

Гендерлік теңдік саясатының алға жылжуы үшін әйелдер  саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге белсене араласуы керек. Бұл ауданымызда жүзеге асып отыр.  Өңіріміздің қай саласында болмасын әйелдердің өзіндік үлесі мол. Жалпы ауданымыз бойынша 57551 халық бар болса, соның 28399-ы әйелдер. Оның 14-28 жас аралығындағысы 12834 адам, яғни, аудан халқының 22,3%-ын құрайды. Лауазымды қызметте жүрген әйелдер арасында 1 аудан әкімінің орынбасары, 2 округ әкімі, 1 облыстық және 3 аудандық мәслихаттың депутаттары, 3 дербес бөлім басшысы бар. Өздері басқарған ауылдың өсіп-өркендеуі, тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсара түсуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген Сафон, Бірлік ауылдық округтерінің әкімдері Роза Қамзаева, Гүлжазира Абенова, Қиғаш ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Марина Жүнісованы, облыстық мәслихат депутаты Зәмзагүл Карсакова, аудандық мәслихат депутаттары Гүлжанат Қалиева, Гауһар Болатбаева, Сандуғаш Капуова, түрлі салалар бойынша айтсақ аудандық білім, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, аудандық экономика және қаржы бөлімдерінің басшылары Гүлфара Құбаева, Зияда Жоламанова, Нурия Баймұханова,  аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, аудандық статистика басқармасының басшылары Гауһар Тоғаева, Жанаргүл Мукушева, аудандық соттың төрайымы міндетін атқарушы Гүлсім Тасқынбаева және басқаларының есімдерін  жылы лебізбен атауға болады.  Бұдан бөлек аудан көлеміндегі  33 мектептің 20-сын,  23 балабақшаны әйел-аналар басқарады. Әйел адамға басшы болу оңай шаруа емес. Кейде, уақытпен санаспай жүретін кездері де кездеседі. Алайда, олар соның бәріне төзімділік танытып, өздеріне жүктелген міндеттерге үлкен жауапкершілікпен қарап, көрсетілген сенім үрдісінен шығуда ерлерден кем түспеуде.

Қазіргі таңда гендерлік саясатқа мемлекетімізде зор көңіл аударылуда. Аудан әкімдігі жанында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмыс жасайды. Аталған комиссияның тоқсан сайын отырыстары өткізіліп, өзекті мәселелер қаралып, оң шешілуіне қолдау көрсетіліп отырады. Басшылық қызметте жүрсе де әйелдерді отбасы тірлігі мен ұрпақ тәрбиесінен бөліп қарай алмаймыз. Отбасы құндылығын арттыру, гендерлік теңдік мәселелері, отбасылық бизнесті дамыту, әйелдерді шағын және орта бизнеске тарту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында семинарлар, дөңгелек үстелдер, түрлі шаралар ұйымдастырылады. Аудандық жастар ресурстық орталығымен бірлескен түрде қыз тәрбиесі, ерте жүктіліктің алдын алу, ұлттық сананы дамыту, жастарды спортқа баулу бағытында аудан мектептерінде түрлі кездесулер өтуде. Сондай-ақ, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі, ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттайтын тәрбиелік мәні мол шаралар, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ардагер аналарымыздың мерейтойлары, әдеби-сазды кештер, сұхбат сағаттары, әртүрлі тақырыптағы сайыстар көпшілік көңілінен шығып жүр. Шілде айында «Мерейлі отбасы» конкурсын ұйымдастыру жоспарлануда. Мемлекетіміз жүргізіп отырған гендерлік саясатты қолдау бағытындағы жұмыстар жыл бойы жалғасын таба беретін болады.

Гүлнар Хасанова,

аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрайымы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521