Кәсіпкерлікті дамытудың ұтымды жолдары талқыланды

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында кәсіпкерлікті дамыту және ауыршаруашылығы саласын несиелендіру түрлері аясында ақпараттық-түсінік жұмыстары жүргізілді. Оған аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Руслан Сәуменов, округ әкімдері, жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалығы иелері қатысты.

Сөз тізгінін алған «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Атырау облысы бойынша филиалының маманы Аян Тапенов ауылшаруашылығындағы субсидиялау бағыттары мен нормативтерін тізбектеді. Арнайы кәсіпкерлікті қолдау шеңберінде көптеген мемлекеттік бағдарламалар құрылғанын алға тартты. Мәліметінше, ол бағдарламалар кәсіпкерлерге тікелей қаржы бөлу, екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдетілген несие, субсидия және кепілдік беру міндеттерін атқарады. «-Субсидияның пайдасы көп. Мақсатына қиындықсыз жеткісі келетін кәсіпкер екінші деңгейлі банктен несие алады. Сол алған несиенің бір бөлігін субсидия түрінде мемлекет төлейді. Өйткені субсидия дегеніміз – кәсіпкер үшін қайтарымсыз қаржы. Мысалы, кәсіпкер 14 пайызбен несие алды десек, сол 14 пайыздың 10 пайызын ай сайын мемлекет төлеп отырады. Сонда кәсіпкердің өзіне қалатын үлесі – небәрі төрт-ақ пайыз. Бұл кәсіпкер үшін көп жеңілдік, үлкен көмек,-деп, кешендi кәсiпкерлiк лицензия құқықтарынының да маңыздылығын атап өтті.

zhinalys

"Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Атырау облысы филиалының Несие бөлімінің басшысы Дулат Атоллаұлы: «Ауылшаруашылығы қаржылай қолдау қоры үш бағытта несиемен қаржыландырады. Олар: мал шаруашылығы, егін шаруашылығы және кәсіпкерлік бағыт. Мал шаруашылығы бойынша «Еңбек бағдарламасына» өз-өзін қамтамасыз етіп отырған жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары қатыса алады. Несие алу ойымен бағдарламаға өтініш беру үшін тұрғылықты аймағыңыздағы «Жұмыспен қамту орталығына» барып тіркеліп, жолдама алу керек. Көп балалы және аз қамтылған санаттағы отбасыларға несие 4% мөлшерінде беріледі. Сонымен қатар 16% мөлшерінде 30 млн теңгеге дейін 10 жыл мерзімінде тек сиыр малын қаржыландыруға несие беретін бағдарламамыз бар. Одан бөлек кәсіпкерлік тұрғысында 7% мөлшермен 12 млн теңгеге дейін 4 жыл мерзімінде несие беретін бағдарлама да жұмысын жасап келеді. Бұны ең алдымен аудандық кәсіпкерлік бөліміне өтініш беріп, қолдау хат алу арқылы жүзеге асыруға болады. Барлық бағытқа да жеңілдік мерзімдері қарастырылған»-деп, несие алудың шарттары мен басқа да маңызды мәселелерге кеңірек тоқталды.

Жиынға қатысушылар сан түрлі толғантарлық сұрақтары мен ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT