Құрметті полиция қызметкерлері! Қадірлі сала ардагерлері!

(0 Votes)

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекетіміздің тыныштығы мен халқымыздың бейбіт өмірі, амандығы – бәрінен қымбат. Сондықтан мемлекеттік биліктің қоғамдағы құқықтық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдардың бірі – Ішкі істер органдарының алар орны ерекше.

Сіздер ширек ғасырдан астам уақыт ішінде ел іргесінің сөгілмей, бүтіндігіміздің сақталуына барынша тынымсыз еңбек етіп келесіздер. Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атақты абыройлы арқалап, мемлекет пен халыққа аянбай қызмет ете берулеріңізге тілектеспін!

Халқымыздың амандығын сақтау мен Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз аз емес, еңбектеріңіз әрқашан жемісті де табысты болғай!

Сіздерге зор денсаулық, қызметтеріңізге абырой, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Ел бірлігіне сызат түспесін!

Ізгі ниетпен, Құрманғазы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Нұрлыбек Қалиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT