Құрметті мемлекеттік қызметшілер, құрметті сала ардагерлері !

(0 Votes)

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы жетекші рөлді атқаратын мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі мүмкін емес. Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай, кәсіби мемлекеттік қызметшіден басталады.

Өз халқың үшін қызмет ету - түсіне білгенге зор бақыт.

Мемлекеттік қызмет - елдің сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асыру. Бұл - бәріміз үшін жауапты қызмет. Өйткені Қоғам мемлекеттік қызметшіні өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды және өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді.

Мемлекеттік құрылымдар мен мемлекеттік қызметші – халық пен қоғам арасын жалғастырып отырған алтын көпір.

Мемлекеттік қызметші бір саланы қамтитын мамандық емес, ол мемлекет басшысының саясатын жергілікті жерде жүргізуші, халық пен билік арасында тығыз байланыс орнатушы, елдің мұң-мұқтажын жеткізуші. Яғни бір сөзбен айтқанда мемлекетіміздің бет-бейнесі. Олай болса, сапалы мемлекеттік қызмет көрсету – әрбір мемлекеттік қызметшінің парызы.

Дана халқымыз: "Ұлық болсаң, кішік бол" - дейді. Сондықтан да, қандай жағдайда, не қандай қызметте болмасын кішіпейілділік, адамгершілік қасиет танытып жүрейік.

Біздің мақсатымыз - ел экономикасын жақсарту, аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, халықтың бірлігін сақтау. Егер әркім өз жұмысын ойдағыдай атқаратын болса, біз алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткізе аламыз.

Осы орайда ауданымызда мемлекеттік қызметке елеулі еңбек сіңіріп, ел алғысына бөленіп жүрген мемлекеттік қызметшілер де аз емес екендігін айтып өткен жөн.

Баршаңызды тағы да бүгінгі мерейлі мерекемен құттықтап, мықты денсаулық, мол бақыт, отбасы амандығын, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге зор сәттіліктер тілеймін.

Құрметпен, Құрманғазы ауданының әкімінің міндетін атқарушы Н.Қалиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT