Сіздерді Қазақстан Республикасының Судья және сот қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік жылдарында сот-құқықтық реформа жүзеге асырылды, оның басты жетістігі сот төрелігі болды. Осы жылдар ішінде құрылған заңнамалық база судьяның қоғамдық мәртебесіне, оның әлеуметтік мақсатына деген ескі көзқарастарды түбегейлі өзгертті.
Адам құқықтары мен бостандықтарының кепілі болған сот жүйесінің беделі әрқашан биік мәртебеге ие. Сот жұмысының сапасы, оның әділдігі мен ашықтығы – кез-келген мемлекеттің демократиялық дамуының басты факторы болып қалмақ. Сіздердің адал еңбектеріңіз, жоғары кәсібиліктеріңізбен жинақталған тәжірибелеріңіз әрқашан құқық үстемдігін қамтамасыз етудің сенімді кепілі болады деп сенемін.
Қоғамдағы орын алған құқықбұзушылықтарға әділ баға беріп, азаматтардың Конституциялық құқықтарының қатаң сақталуын қамтамасыз етуде адал да, абыройлы еңбек атқарып келе жатырған Сіздерге аудан халқы атынан зор алғысымды білдіремін.
Мықты денсаулық, жемісті еңбек, отбастарыңызға амандық тілеймін!
Құрметпен, Құрманғазы ауданының әкімінің міндетін атқарушы Н.Қалиев